Дәйексөздері

Әйел — өмір тірегі ғана емес, әйел — өмірдің өзі.


Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлек­ше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де — біздің қазақ.


Әйел өзін сенімді сезінген жерде — отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.


Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.


Әйел — бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей — бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей — еліміз толық түзелмейді.


Әйелдің жағдайы қандай болса, қоғамның жағдайы да сондай болады.


Қоғамның даму барысын өмірде — нәзік, көңілде — биік, ал істе — мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес.


Әйел — ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегі.


Рухани қасиеттерді берік ұстанып, қастерлеп сақтаудың үлгісін көрсетуші, айрықша адам — рудың жасы үлкен ақылман ақсақалы болған. Себебі ол тірі тарихқа айналған данышпан ұстаз саналатын. Көшпелілер қоғамында ақсақалдар билігі әлеуметтік ұйым институт­тарының бірі болып табылады, өмірден өткен ұрпақтар мен көзі тірі адамдар арасындағы өзара рухани байланыстың дәстүрлі дәнекер тетігі ретінде қызмет атқарды.

Демек, біз — ақсақалын ардақтаған, салт-жорасын салмақтаған жасампаз жұрттың ұрпағымыз.


Адам ата-бабасын жамандап абырой таппайды. Бірақ өткеннің жақсысынан үйреніп, жаманынан жирене алмаған ұрпақтың да көсегесі көгере қоймасы белгілі.


Біздің болашағымыз — жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек.


Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапар­ға аттандық. Қолымызда — тәуел­сіздіктің көк Туы, Елтаңбамызда — бар халықтың басын біріктірер киелі шаңыра­ғымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.

Ылайым, бетімізден жарылқасын!

Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін!


Еркін елдің ертеңі — кемел білім мен кемел ғылымда.


Тегін дүние мен жатыпішерлік құнды­лықтардың бәсін түсіріп, еңбектің мәнін кетіреді, адамды босаңсытып, оның өміршеңдігін төмендетеді.


Мінезіміздің жақсы жағын жалғас­тықпен сезіне алмағанымыз да, жаман жағынан біржолата безіне алмағанымыз да рас.


Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек.


Өзіне-өзі сын көзімен қарамайтын халық болашағына көп үміт арта алмайды. Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп, тозығымыздан жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз.


Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!


Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады.


Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.


Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек.


Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын.


Жаңа үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, сол үйдегі теңнің жиюы­мен, демек, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.


Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.


Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез келген істі қолға алуға деген құл­шыныс тән.


Дарынды ұрпақ — қарымды ұрпақ.


Жас кезінде үлкен іске құлаш серме­меген жаннан жасы ұлғайғанда үлкен нәтиже күтудің өзі бекершілік.


Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын көшелі ел, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне, шәкірт біліміне ерекше назар аударады.


Қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп арта беретін бір байлық бар, ол — білім. Ал білім негізі — мектепте.


Егер сыпайылық адам көркі десек, ол дарынды жастарды одан әрі көріктендіре түседі.


Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзат­тың озық ой көгінде ағып жүретін­дей болуы тиіс.