Дәйексөздері

Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болуы мүмкін емес.


Ұлттық сана ұлттық тілмен қалып­тасады.


...Қазақ тілі өзінің барша құдірет-қуатымен әлемдік тіл кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілінің жетістігі — украин, өзбек және орыс тілдерінің жетістігі сияқты бүкіл адамзатқа ортақ мән-мазмұндық байлықтың бір бөлігі. Әлем халықтарының бірде-бірінің сөздігінде ұшыраспайтын, тек қана қазақ тілінің мүмкіндіктері арқылы нақтылы құбылысты танып-түсінуге болатын сөздер бар.


Жыраулыққа, аңыз айтуға бейімі бар, ақыл-парасаты мол адам халықтың рухани ақыл-ой қазынасын сақтаушы ақын болған. Олардың арасынан шыққан неғұрлым беделді де құрметті, тілі өткір шешендер халықтың көкейкесті ой-пікірін ел билеушіге бетің бар, жүзің бар деп жалтақтамай, көзіне тұп-тура ашық та батыл айтып салудан тайынбаған.


Түркі әлемінің эпостары — қазіргі түркі тектес халықтардың тарихы мен мәдениеті­нің біртұтас екендігін терең түсініп, жете сезіну үшін теңдесі жоқ құнды қазыналар. Сонау есте жоқ ежелгі заман­дардан бері бауырлас түркі халықтарының асыл қазынасы болып табылатын эпостар олардың даму тарихындағы небір қиын-қыстау кезеңдерде халықпен бірге жасасып, бірге сақталып келеді.


Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.


...Қазақтардың рухани әлемі, негізінен, ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашы­лығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады.


Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген.


Қазақты этномәдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді. Әрине, жадау тірліктің жайдақ сөзі емес, бұл жерде әңгіме армансыз сұхбаттан туатын асыл сөз туралы болып отыр. Салиқалы сөз «қазақылықты» құлпыртудың кілті болған.


Өнер әрқашанда шынайылық пен үндестікке шақырып, ұлтаралық қатынастың әмбебап тілі қызметін атқарады.


Менің терең сенімім мынада: қазақ тілі мен мәдениетін дамыту міндетін шешпейінше, ұлттық саясат мүмкін болмайды.


Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі — тіл.


Шүкір, ел есін жиды: тілден артық қасиет жоқ екенін кештеу болса да түсіндік.


Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.


Әсіресе мемлекеттік қызметке қабыл­данған қазақ қазақша сөйлеуі керек. Болмаса басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз?


Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.


Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.


Сөз бұзылса, ой да бұзылады. Тіліміз ішкі әуезінен айырылып, сынын жоғалтады.


Ана тілі — бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы.


Ана тілін қадірлеу — әр азаматтың перзенттік парызы.


Абайдың сөзі — қазақтың бойтұмары.


Абайдың мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.


Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр.


Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас.


Қиын кезеңдерде ұлтты қожырат­пау­дың қуатты қаруы болған қазақ тілі — бүгінгі өмірімізде де ұлтты тұтастан­дырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс.


Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.


Ана тіліміз — бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір арымыз да, нарымыз да.


...Дауға салса — алмастай қиған, сезімге салса — қырандай қалқыған, ойға салса — қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!


Бізге Ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастер­леуден асқан биік парыз жоқ.


Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол — білім. Ол шетел тілінде сөйлесе — тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса — ол кешірілмес күнә.


Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.


Тарих пен тіл тамырлас.


Жақсы шығарма — жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады.


Діл деген догма емес. Ол да өзгеріске түседі. Әрине, бұл — ұзақ процесс, қиын процесс.


Ғасырлар бойы бірде ерлікке, бірде ездікке тартып келген екі мінез бүгін де бойымызда бар. Жақсы жағын ойдағы­дай жалғастырып сезіне алмадық, жаман жағынан біржолата безіне алмадық.


Біз жиырма бірінші ғасырдың қазақтардың шындап бағы жанатын ғасыры болуы жолында, қай жағынан да көсегесі көгерген халықтар қатарына қосылуы жолында бәріне де тәуекел ете алуға тиіспіз.


Біз етекке жабысқан, ағайынмен алыс­қан, билік жолында ұлттың ұлы мұрат­­тарын да ұмытып кететін адам­дарды айыра білуіміз керек.


Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге шығатын жол сілтейді.


Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.


Ұлттық сипатқа айналған дәстүріміз бен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келгендерге жол бере алмайтындығымызды ашық айтамыз.


Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, өзін қамшылауға тиісті.


Ұлттық намыс — ұлы ұғым.


Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.


Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз де хақ.


Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да —кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі.


Адамның ішкі жан дүниесінің таза­лығы мен діни сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүрері хақ.


Діннің тұтастығы — елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.


Жалпы, екі заттан — діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтан­ған жөн.


Дін — ұстараның жүзіндей нәзік нәрсе. Мұнда жаза басып болмайды.


Жалпы, кез келген істе, ең абзалы — түсіндіру, ұғындыру. Экстремизммен күресте де солай ету керек. Әлемдік тәжірибе күш көрсетуге иек арта беру экстремистік пиғылдарды қоздыра түсетінін дәлелдейді.


Біздің бәрімізде хаққа бастайтын жол біреу. Сондықтан да діндер арасындағы әлдеқайда белсенді үн қатысудың уақыты жетті.


Дін — жаѕандану дәуірі басталғанға дейін дүниеде гуманизм мен үндесу идеясын сақтаған және таратушы бірден-бір жаѕандық құбылыс.


Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады.


Діни фанатизм нанымның кеңдігінен емес, шынайы діни мәдениеттің кемдігінен шығады.


Мен «Адам Құдайға жақын болу үшін оған өмір бойы сапар шегуі керек» дегенді жұбаныш етемін.


Өзімізді жамандай бергенде, бізге жақсылықты кім әкеледі?!


Сөзден жаңылып, ізден адасатын ретіміз жоқ.