Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
22.01Бұл күні:
2008

Халық таңдаған Президент

Әлеуметтік жаңғырту

Еліміздің дамуының басты басымдығы – Қазақстанның әрбір азаматының өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік жаңғырту. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асатын тұтастай бағдарламалар кешені халық өмірінің барлық саласын қамтиды және қазақстандықтардың әл-ауқаты артуына ықпал етеді. Осылайша, елде халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұған тек жұмысқа орналасуға көмектесу ғана емес, сонымен қатар, сұраныс көп мамандықтарға оқытып-үйрету жүйесін қалыптастыру, өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға себепші болатын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беру де кіреді. 

Әлеуметтік жаңғыртудың маңызы зор мәселесінің бірі – халыққа, әсіресе жас отбасыларға.  қолжетімді баспана беру жайы. Мемлекет қолжетімді және жеңілдік шарттары бойынша берілетін жалдамалы пәтерлер жүйесін енгізетін болады. Мұнымен бірге, Қазақстанның әр өңірінде ең озық құрал-жабдықпен жабдықталған заманауи жаңа мектептер, ауруханалар салынады. Дарынды жастар үшін шетелдерде білім алатын «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істейді, елде әлемдік деңгейдегі оқу орындары ашылуда.  

Зейнеткерлер мен еңбекке жарамсыз азаматтар әлеуметтік көмекпен қамтылған. Тіпті әлемдік дағдарыс жағдайында да зейнетақы, жәрдемақы және өзге де төлемдердің мөлшері жүйелі түрде өсіп келеді.

Бұл өзгерістердің нәтижесі республика азаматтарының өмір жасының ұзаруынан көрінеді.

Таяу болашақта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер арасында индустриялық-инновациялық жобалар негізінде барлық өңірдің одан әрі дамуы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бар. Білім беру және денсаулық сақтау саласында ең озық технологиялар мен әдістерді енгізу жалғаса беретін болады, зейнетақы жүйесін жетілдіру жалғасады.