Қазақстан Президентінің
қайраткерлік қызметінің жылнамасы
25.05Бұл күні:
2005

Билік рәміздері

1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»  ҚР Заңына сәйкес, «Алтын  Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Онымен мемлекетке айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. «Алтын Қыран» орденін бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның ордендерінің бірімен марапатталғандар иеленуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иесі болады.